Услуги
Ақтөбе қаласының №4 жалпы білім беретін орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай 7 «Б» класында «Қош келдің, әз-Наурыз!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
⚜Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам-береке бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлттық мереке.
{gallery}/islam/1{/gallery}
Жүріп жатыр ерлік, ездік жарысы,
Наурыз нағыз сәулелі ойлар қонысы.
Наурыз сайын ағаш егу, гүл егу,
Әр адамның табиғаттық борышы.
Наурыз парқы – өз санаңды өсіру,
Пенделікті ізгілікке көшіру.
Өткен жылы өкпелесең біреуге
Сол өкпеңді дархандықпен кешіру.
Класс жетекшісі: Нугиманова К.
https://sad-akbota.testim.kz/en/uslugi-4.html#sigFreeId8a1de0b4f9











