Хабарландыру
КОНКУРС
Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылының «Ақбота» бөбекжай – балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны психолог лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын жариялайды.
Пошталық мекен – жайы: индекс: 040809, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі 38, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы, анықтама телефоны: 8(72772) 71524
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. БСН:090640009952
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі 38, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарлама жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қабылданады. 31.01.2024ж өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурс Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі 38, «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы мекен-жайы бойынша өтеді.
Конкурсты өткізу күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) біліктілік тестілеу сертификаты;
10) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне (олар болған жағдайда) қол жеткізу туралы ақпаратты қосымша ұсынады. 4), 5), 6) 7), 8) 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған
заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының психологтың лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:
Педагог-психолог қызметіне жоғары кәсіби білімі бар және медициналық қаралудан өткен адам ғана алынады. Педагог –психолог өз жұмысында білуге және орындауға міндетті.
Педагогтың жұмыс өтіліне талап қойылмайды. Біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның психолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Біліктілігі орта деңгейлі болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымында жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы психолог лауазымдық міндеттері:
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
- Баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
- Мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
- Қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
- Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
- Ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
- Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
- Кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
- Балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Лауазымдық айлықақы мөлшері: Мектепке дейінгі ұйым психолог лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты арнаулы орта білімді, стажы жоқ педагог-150000 теңге, жоғарғы білімді, стажы жоқ 170000- теңге, модератор алған жағдайда - 200000теңге болады.
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Тәуелсіз сарапшылар ретінде мемлекеттік органның, ведомствоның қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.






