«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

 

Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Акбота» села Шенгельды» государственного учреждения «Отдел образования по городу Қонаев Управления образования Алматинской области»

 

«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылындағы «Ақбота» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2009 жылдың 08 мамыр айында «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған.

Балабақша мекен-жайы:

  • Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы.
  • 040809, Сейфуллина көшесі 38 үй. Телефоны:8(72772) 71-2-96; факс.  8(72772)71-5-24 факс.
  • Эл. поштасы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • Instagram: akbota_balabakshasy_shengeldi
  • Facebook: Ақбота балабақшасы

Жобалық қуаттылығы 150 орын, жас ерекшеліктеріне қарай 6 топ жасақталған. Балабақшада тәрбиелеу және білім беру жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 

Техникалық сипаттама:

  1. Ғимараттың салынған жылы1982 жылы
  2. Ғимараттың пайдалануға берілген жылы-2009 жылы
  3. Пайдаланатын жер көлемі: 0,6402 га;
  4. Балабақшаның ғимаратының жалпы шаршы алаңы: 1729,2м2
  5. Ғимарат саны-1, қабат саны-2
  6. Салыну типі - темірбетон, панель
  7. Жылыту жүйесі - автономдық

Ғимаратта заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған 6 топ, музыка және спорт залы біріктірілген, балабақшада   инклюзивтік кабинеттер жабдықталған. Логопед, дефектолог, психолог кабинеттері бар. Медициналық жұмыс бөлмесі 2 блоктан тұрады: медициналық кабинет, ем жүргізу бөлмесі, оқшалау бөлме, дәретхана.

«Ақбота» балабақшасы штаттық кестесіне сәйкес жұмыс жасайды. Білім беру барысында  еңбек өтілі 1 жылдан 35 жылға дейінгі 15 педагог қызмет етеді.

 

Балабақшада түзету-дамыту кабинеті, логопед кабинеті, бейнелеу өнер  кабинеті бар бейнелеу өнері экспиременттік алаң бойынша 6 топпен жұмыс жасайды, психолог кабинеті. Кабинеттер қажетті әдістемелік және техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген: интерактивті тақта, «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік кешені. Балабақшаның негізгі бағыты баланың жеке тұлға ретінде дамуына және даму ортасына денсаулығының психофизикалық  деңгейіне тиімді жағдай туғызу, мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану. Бүгінгі таңда балабақшада 150 бала тәрбиеленуде. Балабақшаның педагогикалық ұжымы мектепке дейінге мекемелерге арналған стандарт бойынша жұмыс атқарады. «Үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша жұмыс жасалады. Педагогикалық ұжымда 15 педагог мамандар жұмыс істейді. Педагогтардың кәсіби санаты педагог - сарапшы-2, педагог - модератор - 2, жоғары санатты-0, бірінші санатты - 4, санаты жоқ - 7 педагог жұмыс істейді. Мамандар: меңгеруші-1, әдіскер - 1, музыка жетекшісі -1, дене шынықтыру жетекшісі - 1, орыс тілі жетекшісі-1, педагог-психолог-1,  тәрбиешілер -10 адам.